Тележүргізуші Динара Сәтжан елімізге келген әрбір танымал адамға өзінің брендінен шапанды сыйға тартады. Оның бұл ісі көпшілікке ұнамай қалды. |
Осыған байланысты Динара Сәтжан Facebook желісіндегі парақшасында өз ісін түсіндірді, — деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.
"Қонақжайлылық — біздің ерекшелігіміз.
Бұл біздің ДНҚ-мызда бар ????
Қазақтың даналығы: «Қонағыңа шай беріп, шөлін қандырмай, шаруа туралы сұрама» дейді☝️
Содан кейін мен #madeinkazakhstan киім өндірушісімін.
Менің шоу-румымда 30-ға жуық қазақстандық бренд бар.
Мен @akon -ға шапан сыйлағанда, көпшілік «неге?» деп жазды????
Кеше Вера Брежневаға әдемі шапан сыйлап едім, тағы да хейтті оқып жатырмын.
Сіздерде бәрі жақсы ма?
Немесе Сіз қазақ емессіз бе?
Ат мінгізіп, шапан жабу — бұл біздің салтымыз.
Мен қазақ тілін жетік білмеуім мүмкін, бірақ☝️
Мен қазақпын.
Қаным — қазақ! Иісім — қазақ!
Сізге ұнаса да, ұнамаса да, мен бәрібір ұлттық шапанымызды сыйға тартамын.
Бұл ниетімді сынап-мінеп жатқандардың бәрін блокқа жіберемін", — деп жазды журналист.