Семейде студент зейнеткерді алдап кетті

Семейде студент зейнеткерді алдап кетті

  • 14.07.2025 05:04

Күдікті анықталды.

Семей қалалық Полиция басқармасы Орталық полиция бөлімінің криминалдық полиция қызметкерлері 76 жастағы қала тұрғынына қатысты жасалған алаяқтық дерегі бойынша күдіктіні анықтады.

Тергеу барысында зейнеткердің үй телефонына бейтаныс нөмірден қоңырау шалынып, өзін полиция қызметкері ретінде таныстырған адам оның немересі жол апатына түсті деген жалған ақпарат жеткізгені анықталды. Әйелді адастырып, мәселені "бейбіт жолмен шешу" үшін ақша талап еткен. Жәбірленуші алаяққа сеніп, 700 000 теңгесін берген.

Жүргізілген жедел шаралар нәтижесінде күдікті ұсталды. Ол – қаладағы колледждердің бірінде үшінші курста оқитын 17 жастағы студент .

Аталған дерек бойынша "Алаяқтық" бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Сурет: Абай облысы ПД баспасөз қызметі

v

"Кайрат" вышел вперед в золотом противостоянии с "Семеем" в ЧРК по футзалу

В воскресенье два гранда отечественного футзала сойдутся в четвертом поединке решающей серии. Футзальный клуб " Ка ...

Абитуриенты колледжей могут подать заявки на поступление через портал eGov.kz

На портале eGov.kz стартовал приём заявлений на поступление в колледжи, и в этом году сервис значительно обновился. ...

Семейде облыстық көпсалалы аурухананың іргетасы қаланды

Семейде облыстық көпсалалы аурухана салынады. Шараға облыс әкімі Берік Уәли және осы саланың ардагерлері, дәріг ...

В Семее разоблачена незаконная добыча песка на сумму 272 млн тенге

Департаментом АФМ по области Абай завершено расследование в отношении предпринимателей, причинивших ущерб государств ...

"Актобе" дал бой "Семею" в гостях в футзальном ЧРК

Действующий чемпион страны по футзалу вырвал волевую победу на последних секундах матча с красно-белыми. Футзальный кл ...