"Грим бөлмесінің талқаны шыққан": Земфираның концертін ұйымдастырушылардың бірі бар шындықты жайып салды

  • 24.08.2023 16:13

Блогер, журналист, жазушы, DPARTNERS компаниясының басқарушы серіктесі Дана Орманбаева Telegram-арнасында ресейлік танымал әнші Земфираның Қазақстан бойынша турының ұйымдастыру жұмыстары туралы және өнер иесінің наразылық танытуына кім себеп болғанын ашып айтты.

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Дана Орманбаеваның Земфираның концертіне қатысты түсініктемесі әлеуметтік желіге тарап кетті. Онда Земфираның Қазақстандағы концерттерінің дайындығы және әнші ұжымының қойған талаптары туралы егжей-тегжейлі айтылған. Ұйымдастырушы әншінің тур-менеджері Андреймен арада біраз түсініспеушіліктер болғанын жасырмады. Алматыдағы концертке қатысты, ол Земфираның көңіл-күйінің жақсы болғанына қарағанда, сахнадағы жарық пен дыбыс оның көңілінен шыққанын айтты.

“Концертке әншінің достары да келді. Олар грим бөлмесінде ұзақ отырды. Кейін отырыс қонақүйде таңғы сағат 5:00-ге дейін жалғасты. Оларды сұрауы бойынша, ол жаққа шарап жеткізіп бердік. Бұл әрекетіне де түсіністікпен қарауға тырыстық. Айта кететін жәйт, шарап жеткізу әртістің талаптарына кірмейді, бұл біздің қонақжайлығымыздың белгісі”, – деп жазды Дана Орманбаева.

Оның айтуынша, Алматыда да, Астанада да әншінің командасы концерттен кейін грим бөлмесінде отырыс ұйымдастырған. Алайда Астанадағы отырысты соңы адам шошырлық күйде болды. Ұйымдастырушылардың бірі Дана Орманбаева желіге киім ауыстыратын бөлменің коцерттен кейінгі суреттерін жариялады. Суреттерден бөлмеде бөтелкелер, қоқыстар мен сынған стақандардың шашылып жатқанын көруге болады. Шарап пен шырын жерге төгіліп қалған. Біреу әдейі бөлмені шашып кеткен сияқты. Дана Орманбаева ол бөлменің Земфира үшін арнайы дайындалғанын да атап өтті.

v

Земфира выпустила новый сингл

1 апреля рок-музыкант Земфира выпустила новый сингл Colette. Новостью с поклонник ...

Қазақстанда жеке кешін өткізген ресейлік әнші еліміздің атын кіші әріппен жазып, ұйымдастырушыларға ренішін білдірді

Қазақстанның үш қаласында жеке кешін өткізген ресейлік әнші Земфира еліміздегі ұйымдастырушыларға ...