"Жағдай ушығып барады". Тоқаев әлемдік діндер көшбасшыларына үн қатты

  • 11.10.2023 16:13

Астанада Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшылары съезі хатшылығының ХХІ отырысы басталды.

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Tengrinews.kz -ке сілтеме жасап хабарлайды.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшылары съезі хатшылығының ХХІ отырысына қатысушыларға құттықтау жолдады. Президент құттықтауын Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев оқып берді.

"Аса мәртебелі дін өкілдері, қадірлі меймандар! Баршаңызды әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшылары съезі хатшылығының ХХІ отырысының ашылуымен шын жүректен құттықтаймын! Биыл алғашқы съездің шақырылғанына — 20 жыл. Бұл игі бастама өзінің өміршеңдігін дәлелдеп, аз уақыттың ішінде маңызды өркениетаралық диалог алаңына айналды. Форум дінаралық татулық пен келісімді нығайтуға, бүкіл адамзатқа ортақ түйткілдердің шешімін табуға және толеранттылықты дәріптеуге септігін тигізіп келеді. Бас қосу аясында әлемнің рухани көшбасшылары жаһан жұртшылығын алаңдатқан өзекті мәселелерді талқылап, бейбітшілікті сақтау және өзара құрмет пен сыйластықты насихаттау туралы ойларын ортаға салады", — деді Мемлекет басшысы құттықтауында.

Президент қазір геосаяси жағдай ушығып, түрлі сын-қатерлер күшейіп тұрғанына назар аудартты.

"Осы алмағайып кезеңде ізгілік, мейірімділік бауырмалдық, жауапкершілік сияқты қағидаттардың қадірі арта түсті. Сондай-ақ, халықаралық қауіпсіздіктің жаңа жүйесін қалыптастыру өте маңызды мәселеге айналды. Ол үшін әлем халқын бейбітшілікке шақыратын жаңа жаһандық қозғалыс қажет. Бұл ретте дін көшбасшылары айрықша ролл атқарады. Рухани лидерлер осы бағытта күш жұмылдырып, барша адамзатқа ортақ проблемаларды шешуге сүбелі үлес қосады деп сенемін. Хатшылықтың бүгінгі отырысы да осы мақсатқа орай ұйымдастырылып отыр. Қазақстан дінаралық және өркениаралық ынтымақтастыққа негіз болатын бастамаларға әрдайым қолдау көрсетеді. Оны сыртқы саясаттың негізгі басымдықтарының бірі ретінде ұсынады", — деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

v

"Елтаңбаны ауыстыруға кеткен ақшаны көрпе-жастық тігуге бөлейікші": Халық жаппай Тоқаевқа ұсыныс айтуда

Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық құрылтайдың үшінші отырысындағы сөзінде Қазақстанның жаңа Е ...

Біз Орталық Азияның жаңа келбетін қалыптастырып жатырмыз – Қасым-Жомарт Тоқаев

Қазақстан Президенті Қатар Мемлекетінің Консультативтік Кеңесі мүшелерінің алдында сөз сөйлеп, қазір ...

Тоқаев төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жүйесінің төмендігін сынға алды

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Алматы қаласында сейсмикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ...

Тоқаев Иран Ислам Республикасының Президентіне көңіл айту жеделхатын жолдады

Қасым-Жомарт Тоқаев Иранның Керман қаласында болған лаңкестік әрекет салдарынан көптеген адамның қ ...

Президент тағы да сайлауға түсуі туралы пікір білдірді

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев "Egemen Qazaqstan" газетіне берген көлемді сұхбатында ...