Шымкетте шәкіртақысын ойынға тіккен студент саябаққа келген қызды тонап кеткен

  • 28.09.2023 16:11

Шәкіртақысын ойынға тіккен шымкенттік студент саябаққа келушіні тонап кеткен.

Тұран АПБ-ның “102” арнасына түнгі уақытта телефон ұрлығы туралы арыз түскен. Құрбысымен саябаққа серуендеуге барған азаматша құны 150 мың теңге тұратын смартфонынан айырылып қалғанын жеткізген, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Бейтаныс жігіт алдымен жәбірленушінің құрбысынан сөйлесіп алу үшін гаджетін уақытша сұрап, іздеген адамымен байланыса алмаған соң кері қайтарып берген. Кейін интернет арқылы хабарласып көру үшін, екінші бойжеткеннің телефонын алып, бірден қаша жөнелген.

Оқиға орнына дереу учаскелік полиция қызметкерлері барған. Олар жергілікті тұрғынның сипаттамасы бойынша ер адамның қашқан бағытын анықтап, жедел іздестіру шараларын жүргізген. Атқарылған жұмыстардың нәтижесінде күдікті 3 сағаттан соң қала көшелерінің бірінде ұсталып, полиция басқармасына жеткізілген.

Белгілі болғандай, студент анасына беруге келіскен шәкіртақысын ойынға тігіп ұтылып қалғаны, кейін сол ақшаны орнына қою үшін амалсыз осындай қадамға барғаны анықталған. Ол ұрланған мүлікті ломбардқа өткізуді жоспарлаған.

Қазіргі таңда смартфон заңды иесіне қайтарылған.

Аталған жайтқа қатысты ҚР ҚК-нің 191-бабы (Тонау) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

v

75 дней борьбы за жизнь: как шымкентские врачи спасли малыша весом 700 граммов

Сейчас ребёнок выписан домой с весом 2350 грамм, сообщает Kazpravda.kz со ссылкой на акимат Шымкента ...

Первый урожай томатов поспел накануне зимы в современном тепличном комплексе

Торжественное открытие первой очереди современного тепличного комплекса Alsera KZ стало значимым шагом в раз ...

Девушек удерживали в рабстве в Шымкенте

Омбудсмен Кыргызстана Джамила Джаманбаева содействовала возвращению на родину двух молодых кыргызстанок, одна из которых ...

Прониклись духом Эллады

Фестиваль греческой культуры – праздник традиций и символ единства В многонациональном Казахстане, где мир и ...

Крыша как решето: вокзал Шымкента не выдержал непогоды (ВИДЕО)

В социальных сетях появилось видео, на котором видно, как после дождя крыша железнодорожного вокзала в Шымкенте не выдер ...