Семейде желіге жаңа автобус қосылды

  • 12.09.2023 05:39

Ол Қарағайлы шағын ауданынан темір жол вокзалына дейін жүретін болады.

Қала тұрғындарына қызмет көрсету сапасын жақсарту мақсатында Семей қаласында автобус бағдарының саны артады. №45 автобус Қарағайлы шағын ауданынан темір жол вокзалына дейінгі аралықта қала тұрғындарына қызмет көрсететін болады.

50 жолаушыға дейінгі сыйымдылығы бар, 25 орындықты үлкен класты 8 автобус №45 маршрутта қатынайды. Автобустар толықтай валидаторлық жүйеге көшіріліп, INFOBUS қосымшасына тіркелген.

Сондай-ақ, автобустың бағыты көрсетілген цифрлы тақтайша орнатылған. Бұған дейін Семей қаласының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі аталған бағыт бойынша конкурс жариялаған болатын. Конкурс нәтижесінде шарт "ЭкоBUS" ЖШС жасалды.

Қала әкімі Нұрбол Нұрсағатов тасымалдаушы кәсіпорын өкілдерімен кездесіп, бірқатар ескертпелер жасады.

"Қоғамдық көліктің уақытылы қатынауына көңіл бөліңіздер. Автобустар желіден себепсіз шықпауы керек. Резервтегі автобустардың санын арттырыңыздар",- деді Нұрбол Нұрсағатов.

Сурет: Семей қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

v

Семейде облыстық көпсалалы аурухананың іргетасы қаланды

Семейде облыстық көпсалалы аурухана салынады. Шараға облыс әкімі Берік Уәли және осы саланың ардагерлері, дәріг ...

В Семее разоблачена незаконная добыча песка на сумму 272 млн тенге

Департаментом АФМ по области Абай завершено расследование в отношении предпринимателей, причинивших ущерб государств ...

Три автобуса временно изменили маршруты в Астане

Три автобусных маршрута временно изменили схемы движения в Астане, передает наш сайт. По информации компании City Trans ...

"Актобе" дал бой "Семею" в гостях в футзальном ЧРК

Действующий чемпион страны по футзалу вырвал волевую победу на последних секундах матча с красно-белыми. Футзальный кл ...

Мужчина занимался онанизмом в автобусе Алматы

В социальных сетях появился фрагмент видео, на котором, как утверждает автор, мужчина занимался онанизмом, передает наш ...