Семейде тарихи драма сахналанды

Семейде тарихи драма сахналанды

  • 06.05.2025 08:50

"Жұлдызым оңымнан туыпты" атты қойылымның тұсаукесері өтті.

Көрермендер қатарында қала әкімінің орынбасары Қуаныш Әбілдаев, қоғам қайраткерлері, зиялы қауым өкілдері мен қала тұрғындары табылды.

Аталған қойылым Ұлы Жеңістің 80 жылдығына арналды. Туындыда ел басына күн туған кезеңдегі халықтың ерлігі, отансүйгіштігі және рухани беріктігі көркем бейнеленген. Әр кейіпкер арқылы соғыс жылдарындағы шынайы шындық, үміт пен сенім, халқымыздың қайсар мінезі терең ашыла түскендей. Қуаныш Әбілдаев қойылым соңында автор Шаймардан Қалиақпаровқа, режиссёр Болат Қамзинге және қалалық мәдениет сарайының ұжымына шынайы алғысын білдірді.

"Осындай туындылар – жас ұрпаққа патриоттық тәрбие берудің, елін, жерін сүюге үндейтін маңызды рухани құрал. Біз бейбіт өмірдің қадірін ұғынып, оны сыйлап жеткізген батырларымыздың ерлігін ұмытпауымыз керек", – деді қала әкімінің орынбасары.

Қойылым көрермендер тарапынан жылы ықыласқа ие болып, халықтың тарихи жадын жаңғыртуға үлкен үлес қосты.

Сурет: Семей қаласы әкімінің баспасөз қызметі

v

Новый спектакль «Дирижер любви» представят столичной публике

17 апреля артисты выступят с новой театральной постановкой на сцене Nomad City Hall, сообщает Kazpravda.kz со ссылко ...

Письмо читателя. Домовёнок Кузя учит детей добру и честности

Роль домовенка Кузи сыграл Асанали Бигисинов. || Фото предоставила Надежда Киёк - Образцовый молодежный ...

1,3 млн тенге отдала женщина за спектакль "Щелкунчик"

Москвичка купила билеты на "Щелкунчика" в Большой театр за 280 тысяч рублей (1,3 млн тенге), но вместо спектакля ей приш ...

Семейде қала әкімінің шыршасына 150 бала қатысты

Қаланың жаңа әкімі Талғат Мұратов мерекелік шараға қатысып, балаларды құттықтады. Қала әкімінің шыршасына қа ...

Театральная лаборатория собрала единомышленников

Они выступают за обменные гастроли, мастер-классы и новые проекты Процесс объединяет На днях в Акмолинском ...