Еуропаға ұшатын рейстер: Қазақстаннан "қара тізімдегі" барлық шектеу алып тасталды

  • 31.05.2024 06:46

2022 жылы отандық әуекомпанияларының Еуропалық комиссияның қара тізіміне ену қаупі жоғары болған.

Көлік министрлігінің баспасөз қызметі мәліметінше, ЕО-ға мүше 27 мемлекет қабылдаған комитет отырысының шешіміне сәйкес, ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі елеулі прогресті ескере отырып, Қазақстан мен қазақстандық тасымалдаушылардан Еуропалық Одақ елдеріне ұшуға қойылған барлық шектеу алып тасталған.

Комитеттің бұл отырысының алдында 2009 жылдан бері жүргізілген көптеген жұмыстар, сондай-ақ ЕО сарапшыларымен 2024 жылғы ақпанда сәтті жүзеге асырылған Қазақстанның авиациялық билігінің ұшу қауіпсіздігі жүйесінің жұмысына техникалық бағалау жүргізілген.

2022 жылы отандық әуекомпанияларының Еуропалық комиссияның қара тізіміне ену қаупі жоғары болған. ЕО сарапшылары ұшуды пайдалану саласындағы сертификаттау, бақылау және қадағалау жүйесінің тиімді жұмыс істеуі, ұшу жарамдылығын қолдау, авиация қызмметкерлерін оқыту және лицензиялау бойынша елеулі жақсартуларды атап өтті.

"Еуропалық комиссияның 2021 жылдан бастап Қазақстанды бақылау кезеңінде елдегі авиациялық билік органдарының жұмыс істеуінің жаңа моделі дамудың және тиімді қалыптасуының оң динамикасын көрсетеді, бұл да Еуропаға ұшуға қандай да бір шектеулері жоқ отандық әуе тасымалдаушыларын дамытуға қолайлы жағдай жасайды", — делінген хабарламада.

Халықаралық азаматтық авиация ұйымы (ИКАО) мен Еуропалық комиссияның бағалауы бойынша, Қазақстан азаматтық авиация менеджментін реформалаудың сәтті үлгісі болып табылады.

Сурет: pexels.com

v

Экоглэмпинги и новые зоны развлечений открыли в Акмолинской области

В Акмолинской области открыли эко-глэмпинги и обновлённые зоны развлечений в Щучинско-Боровской курортной зоне. Это ...

Первый туристский поезд из Китая прибыл в Казахстан

В Алматы прибыл первый туристский поезд по маршруту Сиань – Алматы, ставший знаковым событием в истории развития и укреп ...

Қазақстанда әуетакси іске қосылады

Қазақстанда аэромобильдер қолданысқа енгізілмек. Көлік министрлігі бұл жоба жайында LS редакциясына толығы ...

Туристы массово отравились дикими фруктами в Таиланде

Пятеро российских туристов были госпитализированы в воскресенье, 5 мая, после того как съели дикие фрукты в парке на юге ...

Казахстан укрепляет позиции в медицинском туризме за счёт качества стоматологических услуг

В Алматы состоялось первое Пленарное заседание Европейской секции Всемирной Федерации стоматологов, сообщает ИА El.k ...