«QazaqGaz» ҰК» АҚ басқарма төрағасы мемлекет басшысына есеп берді

  • 11.09.2023 16:15

Мемлекет басшысы «QazaqGaz» ҰК» АҚ басқарма төрағасы Санжар Жаркешовті қабылдады.

Президентке ұлттық компанияның биылғы бірінші жартыжылдықтағы негізгі қаржы-шаруашылық көрсеткіштері және газ саласын реформалау жұмыстарының барысы туралы есеп берілді, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы Ақорданың ресми сайтына сілтемие жасап.

Қасым-Жомарт Тоқаевқа «QazaqGaz» ҰК» акционерлік қоғамы 2022 жылдың басынан бастап Атырау, Маңғыстау облыстары мен Алматы қаласында өз қаражаты есебінен сомасы 400 миллиард теңге болатын инвестициялық жобаларды іске асырғаны жөнінде баяндалды.

Былтыр жыл басынан бері ұлттық компания халық пен бизнес үшін газ бағасын 389 миллиард теңгеге субсидиялады. Осы кезеңде 450 мыңға жуық қазақстандық табиғи газға қол жеткізді.

Мемлекет басшысына газ тапшылығы мәселесінің шешілуіне қатысты мәлімет берілді. Санжар Жаркешовтің айтуынша, қабылданған шаралар алдағы күзгі және қысқы кезеңде Қазақстанда табиғи газбен артығымен қамтамасыз етеді.

Сонымен қатар Қасым-Жомарт Тоқаевқа Бейнеу – Бозой – Шымкент магистральды газ құбырының екінші желісіне қатысты жобаның жүзеге асырылу барысы және Қытай Халық Республикасымен жаңа экспорттық келісімшартқа қол қойылуы жөнінде ақпарат берілді.

Бұдан бөлек, Президентке газ саласының орта мерзімді стратегиясын жүзеге асыру, газ өңдеу қуатын ұлғайту және елімізді одан әрі газбен қамтамасыз ету перспективалары жөнінде мәлімет берілді.

Мемлекет басшысына газдың ресурстық базасын кеңейту жұмыстары туралы да баяндалды. «QazaqGaz» ҰК» АҚ төрағасының айтуынша, 2023 жылдың соңына дейін жаңа Анабай газ кен орны іске қосылады, сондай-ақ Придорожное кен орнын игеруге дайындық басталды.

Кездесу соңында Қасым-Жомарт Тоқаев ішкі нарыққа газ жеткізуді тұрақты түрде қамтамасыз етуге, жылыту маусымына уақтылы дайындалуға, үнемді тұтыну тұжырымдамасын енгізуге және баға белгілеу ісін реформалауға бағытталған бірқатар тапсырма берді.

v

Подписан закон об изменении Договора об учреждении Евразийского фонда стабилизации и развития

Об этом сообщила пресс-служба Президента, сообщает Kazpravda.kz со ссылкой на Акорду Главой государства подписан ...

Главе государства показали пассажирский вагон казахстанского производства

Президент посетил завод Stadler Kazakhstan, передает Kazpravda.kz со ссылкой на Акорду Главе государства предста ...

Токаев поздравил президента Португалии с национальным праздником

Касым-Жомарт Токаев поздравил Марселу Нуну Дуарте Ребелу де Соузу с национальным праздником – Днём Португалии, передает ...

Глава государства Касым-Жомарт Токаев поздравил с Днем защиты детей

Президент в своём обращении подчеркнул, что Казахстан создает все необходимые условия для развития детей. Особое вн ...

Казахстан и Руанда выходят на новый уровень партнерства

Глава государства провел встречу с президентом Руанды Полем Кагаме в расширенном формате, передает наш сайт. Глава госу ...