Қазақстанда бидайдың импортын шектеу мәселесі пысықталып жатыр

  • 05.03.2024 17:10

Былтырғы сапасы төмен астық еліміздегі мал шаруашылығы кәсіпорындарына өткізіледі.

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы KAZINFORM.KZ-ке сілтеме жасап хабарлайды.

«Былтыр қолайсыз ауа райынан зардап шеккен ауыл шаруашылығы кәсіпорындарын қолдау мақсатында „Азық-түлік корпорациясы“ ҰК АҚ 2023 жылғы өнімнен 350 мың тонна көлемінде 4-ші, 5-ші сұрыпты және сортсыз бидайды тікелей сатып алды, сондай-ақ тиімді сатып алу бағасы белгіленді. Осы мақсатта Үкімет қаулысымен корпорацияның жарғылық капиталын толықтыруға 31,3 млрд теңге бөлінді. Субсидияға қажет соманы жабу бойынша шешім қабылданды. Тиісті жұмыс Үкімет жағынан атқарылып, өсімдік шаруашылығын субсидиялауға 30 млрд теңге және мал шаруашылығына 30 млрд теңге, сондай-ақ пайыздық мөлшерлеме мен инвестициялық субсидияға 4,3 млрд теңге бөлінді», — делінген Ауыл шаруашылығы министрлігінің Kazinform агенттігіне берген жауабында.

Министрлік мәліметіне қарағанда, бөлінген қосымша қаражат шаруалардың 2024 жылғы егіс науқанына қажет қаржы ресурстарымен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

«Қазіргі кезде Корпорация астықты сатуға қатысты кластық емес астық пен 5-класты бидайға сатып алушыларды белсенді іздестіріп жатыр. Қазақстан астығын сатып алушы елдердің (Иран, Қытай, Өзбекстан, Әзербайжан және т. б.) барлығымен, ел ішіндегі сатып алушылармен (құс өсірушілер, мал өсірушілер, спирт зауыттары), сондай-ақ белсенді трейдерлермен келіссөз жүргізілді және астықтың сапалық сипаттамасы бойынша ұсыныстар түсті. Қайта өңдеу кәсіпорындарын қоспағанда бидайдың импортын шектеу мәселесі пысықталып жатыр. Бұл мал шаруашылығы кәсіпорындарына кластық емес бидайды өткізуді қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Жалпы, жоғарыда аталған мәселенің барлығы министрліктің тұрақты бақылауында екенін атап өтеміз», — деп жазылған ведомствоның ақпаратында.

Айта кетейік, былтыр жыл аяғында Парламент депутаттары Қазақстанда фермерлер сапасы төмен астықтан шығынға батуы мүмкін екенін айтқан еді.

Сол кезде 5,6 млн тонна төмен санаттағы астықты экспорттау мәселесі 2-3 айда шешілуі керек екені айтылды.

v

Ващелюк: доллар в июне может достигнуть 75 рублей при низком импорте

Аналитик Наталья Ващелюк предположила, что при умеренном уровне спроса на импорт и ограниченном оттоке капитала курс дол ...

В Госдуме предложили усилить контроль за импортом шин

Круг проблем рынка шинной продукции обсудили на заседании круглого стола в Государственной Думе с участием производ ...

Евросоюз почти двое нарастил закупки СПГ из России в марте 2026 года

Евросоюз в минувшем марте значительно увеличил закупки сжиженного природного газа (СПГ) из России — объём импорта состав ...

Слишком много импортируем – Касым-Жомарт Токаев

Президент Казахстана Касым-Жомарт Токаев во время выступления на церемонии награждения лауреатов премий “Алтын сапа ...

Пламя на мировом рынке: Азия сокращает закупки газа в Казахстане, Европа – наращивает. Инфографика

Казахстан увеличил закупку газа за рубежом, передает LS. В январе-сентябре этого года в стране добыли 51,6 млр ...