"Альбина мен Қуандық екеуі Оралға тойға кетті. Екеуі жақсы жарасады": Бауыржан Сатов келіншегін қызғанатынын айтты

  • 06.11.2023 16:12

Әнші Альбина Шардарованың күйеуі актёр Бауыржан Сатов қызғанышын жасырмады.

Бұл туралы Urpaq ютуб бағдарламасында актёр жеке өмірі мен өткен өмірі жайлы бүкпесіз айтты, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

- Альбинаны қызғанамын. Қызғаныш бар. Соңғы рет ол Қуандықпен Оралға тойға кетті. Мен екі баламен үйде қалдым. Әлеуметтік желіден көресің ғой. Екеуі мерекелік шараларда, тойларда жүр.

Халық жазған комментариді оқисың. Көбінде : "Екеуің қосылуларың керек еді. Көбірек жарасасыңдар", "Екеуі жақсы жұп болатын еді" , деп жазып жатады. Ол маған ауыр тиеді. Сосын мен оймен неше түрліні жасап аламын. Ұрыс шығаратын да мен. Көпшіліктің алдында ұрысатын да, айта салатын да менмін. Содан соң, артынан кешірім сұраймын. Альбина ұрыспаса, ұрыс шығармаса, не деп кешірім сұрайды? Өзім кешірім сұраймын, -деп ағынан жарылды актёр.

Сонымен қатар, жары үйде болмағанда анасының немерееріне қарайласатынын, үнемі жәрдем беретінін айтты. Балаға төзіммен қарайтын аналар ғой. Қалай шыдамды жетеді екен, дейді актёр күллі анаға ризашылық білдіріп.

v

"Альбина мен Қуандық екеуі Оралға тойға кетті. Екеуі жақсы жарасады": Бауыржан Сатов келіншегін қызғанатынын айтты

Әнші Альбина Шардарованың күйеуі актёр Бауыржан Сатов қызғанышын жасырмады. Бұл тура ...