"Елтаңбаны ауыстыруға кеткен ақшаны көрпе-жастық тігуге бөлейікші": Халық жаппай Тоқаевқа ұсыныс айтуда

  • 18.03.2024 17:16

Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық құрылтайдың үшінші отырысындағы сөзінде Қазақстанның жаңа Елтаңбасының жобасын жасауға ашық байқау жарияланатынын мәлімдеді.

Осы ақпарат тараған күннен бастап желі қолданушылары Елтаңбаны ауыстыруға кететін ақшаға байланысты Тоқаевқа жаппай өз ұсыныстарын айтуда, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

Бану Дәулетбаева есімді желі қолданушысы да елтаңбаны ауыстыруға жұмсалатын қаражатқа жеңіл өнеркәсіпті қолға алуға шақырған.

"Герб ауыстырмай тұра тұрып, бір-ақ тал мақта-мата өңдейтін комбинат ашайықшы.

Қол сүртетін сүлгіміз болсыншы, ең болмаса, өтініш. Оңтүстік Кореяда болғанда ”не деген бақытты ел” деп жылағым келді. Мейрамханадағы қасықта, кіріп келгенде төселіп тұрған “welcome “ деген кілемшеде, лифт құрылғыларында, теледидарында, көрпе-төсегінде, кофесінде, шайында, микротолқынды пешінде, шамдарында, киімінде, гәлөшінде, кір жуғыш ұнтағында, кір жуғыш мәшинесінде, — бәрінде- “Кореяда жасалған” деп жазылып тұрады. Мәшинесін айтпай-ақ қояйын.

Ең болмаса Нарынқолдың кәртүшкесінен чипсы жасайықшы. Шымкенттің мақтасынан киім тігейікші. Кегендегі малдың етін жеп, терісін лақтырып жатыр, тері өңдеп, сумка, етік тігейікші.

Бүгін ертең Ұлттық киім күні деп базардан камзол іздегем. Қырғыздар “маңқа қазаққа осы да болады” дей ме, қорқынышты бірдеңелерді қаптатып қойыпты. Ананы кисең, өзіңді диван сезінесің.

Ұлттық киім жоқ, Ұлттық киім күні қалай болады? Жекелеген дизайнерлер тігетін бар, бірақ сапалысы 200 мыңнан басталады, сапасызы оюды бас-көз жоқ сала берген бірдеңе.

Өтініш! Дәп осы герб ауыстыруға кеткен ақшаны көрпе-жастық тігуге бөлейікші", — деп жазды ол өзінің Facebook желісіндегі парақшасында.

Өзге желі қолданушылары да бұл бастаманы бір ауыздан қолдаған.

"Керемет пікір, керемет ұсыныс. Осыны еститін құлақ болса. Масқара, біз қай ғасырда өмір сүріп жатырмыз. Расында қарап тұрып жылағың келеді. Ойлаудың өзі қорқынышты", "Қазақстанда жасалған деген заттардың бәрі Қытайда жасалып жатыр", "Кеше Санжар Боқаев есептеп, елтаңбаны өзгерту 7-8 млрд шығын әкеледі деді", "Өте керемет ой, қолдаймыз", — деп жазды олар.

v

Біз Орталық Азияның жаңа келбетін қалыптастырып жатырмыз – Қасым-Жомарт Тоқаев

Қазақстан Президенті Қатар Мемлекетінің Консультативтік Кеңесі мүшелерінің алдында сөз сөйлеп, қазір ...

Тоқаев төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жүйесінің төмендігін сынға алды

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Алматы қаласында сейсмикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ...

Тоқаев Иран Ислам Республикасының Президентіне көңіл айту жеделхатын жолдады

Қасым-Жомарт Тоқаев Иранның Керман қаласында болған лаңкестік әрекет салдарынан көптеген адамның қ ...

Президент тағы да сайлауға түсуі туралы пікір білдірді

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев "Egemen Qazaqstan" газетіне берген көлемді сұхбатында ...

Қасым-Жомарт Тоқаев: Біз озық ойлы ұлт ретінде тек қана алға қарауымыз керек

Президент "Egemen Qazaqstan" газетіне көлемді сұхбат берді. Оның толық нұсқасын төменде келтіреміз. Өткен жыл н ...