Түркістан облысының шаруалары қаңтар айында қырыққабат егіп жатыр

  • 25.01.2024 16:13

Келес ауданындағы шаруалар қысқы шілдеде диқаншылықты бастап кетті.

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Қазақпарат-қа сілтеме жасап хабарлайды.

диқаншылық

Ерте өнім беретін қырыққабат дақылын егу науқаны Ақтөбе ауылдық округінің Бозсу, Қияжол, Ескіқорған ауылында қызу жүріп жатыр. Бүгінде «Әділбек-Е» ЖШС-нің шаруалары 20 гектар аумаққа қырыққабаттың ерте пісетін «Фарао» сортын екті.

қырыққабат

«Ата кәсіппен айналысып, қара қазанымызды қайнатып отырмыз. Жастайымыздан ата-анамыз еңбекке баулып, егіншілікпен айналысуды үйретті. Енді міне осы шаруашылықты дамытып, жерімізге дақылдарымызды егіп бастадық. 15 жылдан бері көкөністің қырыққабат түрін егіп, келемін. Көшеттерді үй ауласындағы жылыжайда дайындаймыз. Жеріміздің құнарлы болуына және климаттың ыңғайлылығына байланысты жылына ашық алқаптан 2 немесе 3 өнім алуды да жолға қойдық», – дейді шаруа Ержігіт Қалықұлов.

жылу

Айта кетейік, өткен жылы келестік шаруалар 26 мың гектардан астам суармалы жерге егін егіп, 543 мың тоннадан астам өнім алды.