Алматыда жаңа құрылыстағы пәтер бағасы арзандады

  • 11.03.2024 09:34

Ақпанда Алматыда жаңа құрылыстағы пәтер құны 1.4 %-ға төмендеді. Ұлттық статистика бюросының мәліметі бойынша Қарағандыда (—0.3 %) және Павлодарда (—0.1 %) жаңа үй арзандады.

Қаңтармен салыстырғанда мемлекеттегі жалпы көрсеткіш 0.4 %-ға өсті. Бұған қаңтарда Ақтөбедегі жаңа тұрғын үй бағасы көтерілгені әсер етті. Бірден 10 %-ға өсті.

Қаңтарда төрт қалада баға өскені байқалды:

— Астанада (+1.4 %);

— Өскеменде (+1%);

— Көкшетауда (+0.8 %);

— Шымкентте (+0.1 %).

Қалған 12 өңірде бірінші нарықтағы баға қаңтар айындағы деңгейде қалды.

Қазір қандай тұрғын үй кешендері салынып жатқанын және пәтер бағасын Krisha.kz сайтындағы «Жаңа құрылыстар» бөлімінен біле аласыз.

Орташа құны — 488 571 теңге.

Ең жоғары баға:

— Астанада — 581 648 теңге;

— Алматыда — 571 938 теңге;

— Шымкентте — 423 500 теңге.

10 % өскеніне қарамастан бірінші нарықтағы ең арзан үй Ақтөбеде — 279 мың теңге/ш. м. Оралда — 285 мың теңге/ш. м және Көкшетауда — 288 мың теңге/ш. м.

Бір жылдағы бағаның өзгеруіне келетін болсақ (2023 жылдың ақпанына қарай), мемлекеттегі орташа көрсеткіш 3 % өсті.

Ақтөбеде ең жоғары жылдық өсім +8.9 %.

Бір жылда жаңа пәтерлер құны айтарлықтай өсті:

— Қызылордада (+7.1 %);

— Оралда (+5.6 %);

— Ақтауда (+4.8 %).

Алматыда жаңа үйлер бір жылда 3.7 %, Астанада 3.1 % қымбаттады. Шымкентте бір жылда жаңа баспана 1.6 % арзандады.

Бір жылда Көкшетауда (—4.3 %) және Қарағандыда (—0.3 %) баға төмендеді.

v

Үстел теннисі: қазақстандықтар Германиядағы турнирде қалай өнер көрсетті

Германияның Дюссельдорф қаласында үстел теннисінен WTT Feeder Düsseldorf II турнирі өтуде. Бұл туралы Sportin ...

Қазақстандық жүзгіш Әділбек Мусин Ислам ынтымақтастығы спорт қауымдастығының спортшылар комиссиясының құрамына кірді

Қазақстандық спортшы, жүзуден ұлттық құраманың өкілі Әділбек Мусин Ислам ынтымақтастығы спорт қауымдастығының (ISSA ...

Күзде пәтер жалдау қанша тұрады

Елімізде қыркүйек айында тамызбен салыстырғанда жалға беру құны орташа есеппен 2.7 % өсті. 1 кв. м 3 372 теңгеден ке ...

Маңғыстау облысында кен орнындағы өрт екі айдан бері әлі өшкен жоқ 23 августа 2023, 06:30

Маңғыстауда Қаратұрын кен орнында ұңғымадан шыққан өрт екі жарым айдан бері әлі өшкен жоқ. Салдарынан қоршаған орта ...